2019 жылы қандай суперкөліктер шығатынын білесіз бе?

0
4 763

Өткен жылы көптеген жаңа үлгідегі көліктер нарыққа шықты, ал 2019 жылғы автокөлік жаңалықтары одан да қызықты болады.


2019 жылы қандай суперкөліктер шығатынын білесіз бе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

2019 жылы жарыққа шығатын ең үздік көліктердің тізімін сапасы мен олар иеленетін брендтің танымалдылығына қарай отырып жасадық. Сондықтан, Сіз осы таптамадан танысатын «темір тұлпарлардың» барлығы өз уақытында трендке айналатынына сеніміміз мол. Сонымен, бастайық!


1. Audi A3 және Q4



Мына көлік нарықтағы А3-дің ескірген үлгерінен асып түседі. Жаңа үлгі бұрынғы үлгінің негізінде жасалғанымен, ерекше дизайнға ие болады. Сонымен қатар, сенсорлық экрандар мен керемет жасалған «панельдер» күтеміз.



Ал, жаңа Audi Q4-ке мінгенде поезда кетіп бара жатқандай сезінесіз, яғни BMW және Mercedes-Benz-дің кейбір үлгілеріне ұқсас болады. Сондай-ақ, Q3-тен де әдемі стильде жарыққа шығады.


2. Aston Martin DBX



Британдықтар 2019 жылы өз тарихындағы алғашқы супер-кроссоверін шығарады. Оның аты – DBX, біз көліктің өзіндік ерекшеліктері болады деп үміттенеміз.


3. BMW 1 Серии



Танымал бренд BMW артқы жетекті көліктерді шығаруды азайтады. Себебі, жаңа BMW 1 Серии алдыңғы жетекті болып жасалған және оның салоны кең болады.


4. BMW X6



Бұл BMW X5-тен де мықты көлік болады. Сондай-ақ, компания осы көліктерден кейін, BMW 8, BMW X3 M және X4 М үлгілерін нарыққа шығарады.


5. Kia Telluride



Ал, мына көлік биыл Kia маркасының ең үлкен кроссовері атанады. Көлік Hyundai Palisade-нің негізінде жасалған және 7 орындықпен, V6 қозғалтқышымен жабдықталған. Алғашқы таныстырылымы Детройтта өтеді.


6. Land Rover Defender



Біраз жыл бұрын аты әлемге әйгілі болып, кейіннен өндірісі тоқтап қалған бұл көлік 2019 жылы нарыққа қайта оралады. Бірақ, тура қандай болатыны әзірге белгісіз. Бір анығы – енді рамалар болмайды.


7. Mercedes-Benz CLA



2019 жылдың тағы бір ерекше премьерасы – өте сәнді әрі кең салонды CLA седан болады. Ол ең жоғарғы технологиялармен жабдықталған.


8. Porsche Cayenne Coupe



Porsche-де BMW секілді брендтердің нарықтағы жаңалықтарына қарап отырмай, Cayenne көлігін кросс-купе етіп шығарғалы жатыр. Бірақ, көліктің техникалық және функционалдық жаңалығы жоқ десе де болады.


9. Renault Arkana



Бұл жаңалықты да әлемдік премьера деп атауға болады. Тіпті, жаңа көлік Латын Америкасы мен Қытайда және өзге де көптеген елдерде сатылатын болады.


10. Skoda Octavia



2019 жылы жаңа «Октавия» шығады, ол бұрынғы үлгісінен де кең болады. Сондай-ақ, көлік турбоқозғалтқышпен және заманауи медиажүйелермен жабдықталады.


11. Volkswagen Golf mk8



Осы жылдың басты премьераларының бірі –Volkswagen Golf-тің 8-ші буыны. Ол 48V микрогибридке және қазіргі заманғы технологиялардың үлкен шоғырына ие болады.


12. Volkswagen I.D. Neo



Volkswagen I.D. осы компания шығарған электр қуатымен жүретін сериялық көліктердің тұңғышы. Ол кәдімгі дизельмен жүретін «Гольф» сияқты болады.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бензин ҮНЕМДЕУДІҢ қарапайым амалдары


Екінші дүниежүзілік соғыстағы ең мықты көліктер