​Қазақстандағы ТОП-5 бизнес түрі қандай?

3
11 358


​Қазақстандағы ТОП-5 бизнес түрі қандай?

суреттер: ашық дереккөзден

1. Тамақтану орындары

Уақыт қала тұрғындары үшін тапшы, сол себепті үйден емес, сырттан тамақтанатындарды жиі кездестіреміз. Соның ішінде фастфуд тұтынушылары көп болғандықтан мұны қарқынды бизнеске айналдыруға болады. Бұл кәсіпті бастамас бұрын ірі бизнес орталықтары мен әкімшілік ғимараттардың локациясын ескерген жөн. Мұндай жерде асхана бизнесі өзін сәтті ақтайды. Кей кәсіпкерлер бұл бизнестің небір амалын ойластырып жатыр. Мысалы, халықтың назарын аудару үшін танымал вайнерлердің есімімен ашылып жатқан тамақтану орталықтары да бар.


2. Ақпараттық бизнес

Қазір интернет арқылы пайдалы кеңес пен қажетті ақпараты бар контент жасай отырып та, ақша табуға болады. Бизнестің бұл түрі жан-жақты жүргізіледі. Мысалы:

тренингтер, семинарлар мен курстар өткізу;

көпшілікті қызықтыра алатындай YouTube-канал ашу;

танымдық, ақпараттық немесе кәсіптік сайт ашу;

Instagram-парақшасында қызық блог жүргізу;

жарнама қызметі.

Бұл бизнес көп қаражатты қажет етпейді. Тек біліміңіз бен идеяңыз маңызды роль атқарады. Идеяңыз пайдалы болса, кәсібіңіз де нәтижелі болады.


3. Салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген бизнес

Салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген бизнес – тұрақты және нақты табыс әкелетін жаңа кәсіп түрі. Бұл кәсіп күнделікті жүргізіліп отырады. Мысалы:

адамның жүрген қадамы мен жоғалтқан калорияларын есептеуге арналған құралдарды сату;

спортшыларға арналған тамақ өнімдерін дайындау;

арнайы мәзірдегі диеталық тағамдарды жұмыс орнына жеткізу;

арнайы коктейльдерді дайындау және сату;

салауатты өмір салты бойынша дәрістер өткізу;

клиенттің физикалық пішінін ескере отырып, жеке тамақтану бағдарламаларын жасау (салмақ тастау немесе салмақ қосу).

фитнес-зал ашу;

фитнес-жаттықтырушы болу.


4. Полиграфия

Күн сайын әртүрлі тауар мен қызмет ұсынатын жеке фирмалардың көп ашылуы полиграфиялық қызметтің дамуына себепші болып отыр. Фирмалар брошюра, буклет мен үнпарақ түріндегі түрлі жарнаманы, бухгалтерлік есеп жүргізу үшін түрлі бланкі мен формулярды қажет етеді. Мемлекеттік тапсырыстарды да орындайтын полиграфия орындары бар. Мұндай қызметтерге сұраныс артып отырған кезеңде бұл бизнес түрімен айналысу өзін‑өзі ақтайтыны сөзсіз. Типография халық көп жүретін, қолжетімді жерде орналасқаны жөн.


5. Интернет-дүкен

Адамдардың көбі сыртқа шығып жүргеннен гөрі қалаған тауарын интернет арқылы алғанды жөн көреді. Интернет-дүкен ашатын болсаңыз, сізге тауар сататын орын немесе дүкен қажет болмайды. Үйіңізде отырып-ақ, кәсібіңізді жүргізесіз. Тек сатылымдағы тауардың жарнамасы жақсы жүргізілуі керек және интернет-дүкенде тауарларыңызды сақтайтын қойма қажет. Сонымен қатар саудаланатын тауардың сапасы мен нарықтағы бағасына да ұдайы мән беру қажет.

Дереккөз: baribar.kz