Наурызда тары жеп салмағыңызды азайтыңыз!

0
6 229

Тары – өте тойымды тағамдардың бірі. Бір таңқаларлығы - оның құнарлылығы тойымдылығына қарағанда өте төмен екен. Ал, семіздіктен арылғысы келетіндер үшін бұл ең маңызды нәрсе.


Наурызда тары жеп салмағыңызды азайтыңыз!

Сурет: ашық дереккөздерден

Наурыз мейрамында өзіңді жеңіл сезініп, қалаған көйлегіңді киіп, әдемі көрінгің келеді. Алайда мұның бәріне мейрам кезінде жайылатын дастархан кедергі болуы мүмкін. Көктем мезгілімен бірге келетін наурыз айының басы мерекеден басталады. Қонаққа барсаңыз да, мейрамханаға бас сұқсаңыз да, алдыңыздан кең жайылған дастархан шығады. Оның үстіне күн жылынып, жер қарайған сәттен той-томалақтың көбейіп кететінін ескерсек, бұл айда мүлде арықтай алмайтындай көрінесіз.

Дегенмен, барлық нәрсенің бір шешімі болады. Наурызда тағамдар көбіне дәнді-дақылдардан жасалатындықтан арықтағысы келетін жандарға тары дәнімен диета ұстауға кеңес береміз. Өйткені наурыз көже, майсөк т.б. тағамдарына тары қосылатыны белгілі. Міне, сондықтан да Наурыз мейрамында да арықтауды жалғастыра аласыз. Ендеше, тары диетасы жайлы біле жүріңіз.


фото: znaniyapolza.ru

Тары – өте тойымды тағамдардың бірі. Бір таңқаларлығы оның құнарлылығы тойымдылығына қарағанда өте төмен екен. Ал, семіздіктен арылғысы келетіндер үшін бұл ең маңызды нәрсе. Тарының суға қайнатылған 100 грамы бар-жоғы 90 килокалориядан тұрады. Сондай-ақ, құрамында алмастыруға келмейтін аминқышқылдары бар екендігін ерекше атап өткіміз келеді. Осындай аминқышқылдарының көмегімен тары ағзаны жасартып, жасушалардың түзілуіне, мидың жұмысын жақсартуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, тары адамның жүйке жүйесін тыныштандырып, көңіл-күйді көтеретін қасиеттерге де ие екен.

Тары ботқасы ағзаны ұзақ уақыт бойы қуаттандырып, тазартады әрі майға айналмайды.


7 күнге арналған тары диетасы

Диетаның бұл түрі денсаулыққа пайдалы саналады. Өйткені, тары ботқасынан бөлек, ағза басқа да нәрлі әрі калориясы төмен минералды заттармен, дәрумендермен қанығады. Бір аптаға созылған емдәм нәтижесінде 5 келі салмақ жоғалтуға болады.

Тамақтану мәзірі 3 негізгі және бір реттік қосымша тіскебасардан тұрады. Егер қаласаңыз тіскебасарды ас мәзірінен алып тастаңыз. Тағамға тұз қосуға, дайын ботқаға сары май салуға болмайды.

Тамақтанудан жарты сағат бұрын тәбетті басып, зат алмасуды жақсарту үшін 200 мл таза су ішу керек. Судың бөлме температурасындағы жылылықта және газсыз болғаны дұрыс. Сондай-ақ, осы аптада тәттіден, майлы, ұннан дайындалған тағамдардан, алкогольді ішімдіктерден бас тарта тұрыңыз. Ащы тағамдар мен қант алмастырғышты, консервілерді де пайдаланбаған дұрыс.

фото: birth-info.ru

Күнделікті ас мәзірі бір кесте бойынша жүргізіледі. Мысалы: Таңғы асқа 100 гр. ботқа, түскі ас – 200 гр. ботқа жеу ұсынылады. Бұдан бөлек, ботқаның қасына мына төмендегілердің бірін таңдап, жеуге болады.


Таңғы асқа:

100 гр. тәттісі аз табиғи йогурт;

1 дана қайнатылған жұмыртқа;

100 гр. майсыз сүзбе.


Түскі асқа:

150 гр. көкөніс сорпасы;

100 гр. көкөніс пісірмесі;

150 гр. көкөніс салаты.


Кешкі асқа:

1 дана жеміс (көк алма, алмұрт, киви немесе грейпфрут);

1 стақан майлылығы төмен кефир;

200 мл. сүт ішіңіз.


Тіскебасарды түске дейінгі немесе түстен кейінгі уақытта жасауға болады. Тіскебасар үшін 1 стақан майсыз кефир немесе сүт ішкен жөн. Жалпы, диетаны 2-3 күн бұрын жоспарлап, барлық керекті азық-түлікті алып қойған дұрыс. Сонда бұл апта сіз үшін жеңіл өтеді.

Ескерту! Егер Наурыз мейрамында қонаққа бара қалсаңыз, тек тарыдан дайындалған тағамдардан дәм ауыз тиіңіз. Сонда диетаңыз бұзылмайды.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


5 күндік АЛМА ДИЕТАСЫ 7 келіге арықтатады


Көктемде бақ-бақ гүлімен арықтаңыз!


1 аптада 7 келі салмақ тастауға көмектесетін ЭКСПРЕСС-ДИЕТАМЕН арықтаңыз!