​Құқықбұзушылықты суретке немесе видеоға түсіріп жіберген азаматқа сыйақы беріліп жатыр ма

0
1 331

Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты


​Құқықбұзушылықты суретке немесе видеоға түсіріп жіберген азаматқа сыйақы беріліп жатыр ма

фото: tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Құқықбұзушылықты суретке немесе видеоға түсіріп жіберген азаматтарға сыйақы беріліп жатқан жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, құқықбұзушылықтарға қатысты фото және видеоматериалдар жіберген азаматтарға сыйақы төлеу басталғандығы туралы WhatsApp арқылы тараған хабарлама шындыққа жанаспайды.

"Шындығында да Ішкі істер министрлігін жаңғырту аясында азаматтар тарапынан сыйақы үшін фотографиялар мен видеоларды жіберу қызметі бар арнайы мобильді қосымшаны пайдалану мүмкіншілігі қарастырылып жатыр. Тағы да қайталап айтамын, бұл мәселе әлі де қарастыру кезеңінде тұр және мұндай қызметті қамтитын мобильді қосымшаны іске қосу бір күннің шаруасы емес. Барлық заңнамаға сараптама жасап, сәйкесінше нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізу қажет", - деді ол.