Алтынай Жорабаева: «Полнолуниеде жындар ҚҰТЫРАДЫ»

0
4 839

Бұндай нәрселер Алтынай Жорабаеваның ашуын келтіретін сияқты. Сізді ше?


Алтынай Жорабаева: «Полнолуниеде жындар ҚҰТЫРАДЫ»

Соңғы кезде истаграмда ақша табудың жолдары ғана емес, "табыстың көбеюі әмиянның түсіне байланысты", "ай толғанда әмияндағы тиындарды сықырлатып қою керек" деген сыңайлы әдіс-тәсілдер де жиі жарияланып жүр. Бұндай әдіс-тәсілдерді насихаттап жүргендерге әнші Алтынай Жорабаева өзінің пікірін білдірді.

Алтынай Жорабаева: «Лақтырсаң сынатын, өртесең жанатын жансыз зат бақыт әкеледі, ақша шақырады деп жүргендерге таң қаламын. «Біз оны Құдай деп жатқан жоқпыз ғой» деп ақталады. Алайда, Алла Тағала қасиетті Құранда «Мен күре тамырыңнан да жақынмын, Маған құлшылық еткенде ешқандай серік қоспа!» деген. Егер пенде Алладан өзгеге өз өмірін тапсырса, Аллаһ та ол адамды сенген затына тапсырып қояды. Ал енді өзіңіз ойлаңызшы, әлемдердің Раббысының қорғауында болған жақсы ма, қытайлардың құрбақасына қарап отырған жақсы ма? Бақ әкелсе, байлық берсе, қытайлар соны сатып байымай, өздерінде қалдырар еді-ау. Бірдеңені ұстамаса, көрмесе болмайды дегеннен, Аллаға тікелей жалбарынған, Алладан ғана сұраған адам ұтады ғой. Басшының өзіне біреу арқылы шыққаннан, өзіне тіке кірген нәтижелі емес пе жәй мысалыға айтқанда. Бірақ Алла ешкіммен, ешнәрсемен салыстыруға келмейтін Жаббар Ие! «Арманыңды мына сағатта жаз, мына бағытқа қара, бүгін полнолуние» деп әр бағытта адастырып жүргендер тағы бар. Иә Арманды жазу керек, мақсатты айқындау үшін жазып, сызып отыру керек. Бірақ, оны мына күні деп шектеп қою қайдан шыққан? Рамазанның кештері, Қадыр түні, түнгі намаз десе мейлі ғой. Полнолуние дейтіні жындардың қозып, аурулардың асқынатын кезін айтатынын бірі білсе, екінші соған еріп, адасқанына, шатасқанына мәз. Дұға оқы, Алладан сұра дегеніне қарап жөні түзу адам деп ойласаң, жер бетіндегі ең үлкен күнәға бастап жатқанын көріп жағаңды ұстайсың. Бұрынғының бақсы-балгерінің бүгінгі заманауи көрінісі ғой.

Мен достарымды жақсы көремін, бірақ ақиқат қай жерде де жоғары. Адам досының дінінде. Қияметте ескертпегеніміз себепті сұраламыз. Тіпті, неге қайта-қайта ескертпедің деп шырылдап кетеміз ғой есеп сұралар кезде.
Мен жүрегім езіліп, мейіріммен, достық махаббатпен жазып отырмын осы постты. Не десеңіздер де, бұл Ақиқат!
Адамға сенсең көзің шығады, Аллаға сенсең бүйірің шығады».


Әншінің инстаграм парақшасындағы бұл сөзіне пікір білдіргендердің көзқарасы екіге бөлінді. Бір тобы А.Жорабаеваға «Өте орынды», «Дұрыс айтасыз!» деcе, екінші топтың пікірі «Бұндай сөзді айтушы алдымен өзі таза болуы керек! Не істеп жүргенін бір Алла біледі» дегенге саяды.

Оқырманның бірі: «Аллага сенген дурыс! бирак Адам он-лайны айтуушин ози таза болу керек! не истеп жургенин бир Алла биледи! (пікір өзгеріссіз түпнұсқада берілді)

Тағы бір оқырман: Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке деп ата-бабам айтып кетті, толған айдай толықсып деген сөз де қазақтан қалған. Қазақы нанымды сіз айтты екен деп өзгерте алмаспыз. Бірінші қазақ. Сосын мұсылман. Нағыз мұсылман – момын. Анау ширк, мынау ширк деп агрессия таратпайды. Әр халықтың наным-сеніміне сыйластықпен қарау мұсылмандық. Андағы бақада бір елдің сенімі екенін біліңіз, сыйластық танытыңыз. Жүрекке иман берсін! Бастарыңа сана берсін! Қазақы жолмен жүру 100% адастырмайтынын білу керек. (пікір өзгеріссіз түпнұсқада берілді)


Фото: @altynaizhorabayeva

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Танымал актриса: «15 жыл бұрын үй қызметшісі болғанмын...»


Жанат Бақыт: «Елге жылтыр жағымызды көрсеткіміз келеді»


Ләйлә Сұлтанқызы: «Сауығу үшін семірдім»