Роза Әлқожа Салтанат Бақаеваны жылатып қойды

0
4 423

Арнау тобының әншісі Салтанат Бақаева неге көзіне жас алды?


Роза Әлқожа Салтанат Бақаеваны  жылатып қойды

фото: ашық дереккөзден

"Арнау" тобының әншісі Салтанат Бақаеваның әндері Ұлттық арнадағы "Беу" бағдарламасында сарапқа салынды. Әнші екі ән шырқап, ондағы сөз бен сазға қонақтар баға берді, сын айтылды. Тіпті, көркемдік кеңес мүшелерінің қатарынан көрінген Роза Әлқожаның сөзінен соң Салтанат Бақаева көзіне жас алды, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Бағдарламада алғаш болып шырқалған Салтанаттың "Бұлбұлым" әні көңілді көтергенімен, көпшілікке жақпай қалды. Әні мен сөзінің үйлеспейтіндігін алға тартқан көңес мүшелері мен арнайы қонақтардың ойы бір жерден шықты.

"Әннің айтылуы, образға кіруі, түсініп айтуы, қарап отырсам, барлық жағы бар екен. Актрисалық жағынан көрсетіп отыр. Өте әдемісің. Ал әнге келер болсақ, Бұлбұл деген сөзді оқыған кезде басқаша ойда болған едім. Бұлбұл дегенде Төлегеноваларды елестеткенмін. Сөзі болғанымен өңдеуі екі жақта жатыр", - деп пікір білдірді композитор Бейбіт Дәлденбай.

Сынға сағы сынбаған театр әртісі көптің мақтауына шыдас бермей жылап қалды. Әнші Роза Әлқожаның өнер әлеміндегі артынан ерген сіңілісіне деген ерекше ілтипаты көзден шыққан жасқа себепші болды.

"Мен ешқандай артық сөз айтпай-ақ қояйын. Бір-ақ сөзбен айтсам сол түсінікті болар. Менің қызым бар, биыл 9-сынып бітіреді.Өткенде сұрадым. "Ақботаш, сен кімге еліктейсің?" деп. "Мен Салтанат Бақаеваға еліктеймін" дейді. "Өйткені, заманауи да, қазақы да, бөпесі де бар, күйеуі де бар, театрды да алып жүреді. Ән әлемінде де бағы жанған керемет жұлдыз. Маған Салтанат әпкем ұнайды" деді, - деп өз пікірін білдірді Роза Әлқожа.