Танымал актриса: "15 жыл бұрын үй қызметшісі болғанмын..."

0
3 158

Атақты "Келін" киносының басты рөлін сомдаған актриса қиын күндерін есіне алды.


Танымал актриса:

Бір кездері дау тудырған "Келін" сериалының басты рөлін сомдаған актриса Гүлшарат Жұбаева өзінің өзінің қиын күндерін есіне алып, оқырмандарымен жан сырын бөлісті.

Гүлшарат Жұбаева: "Мен осыдан 15 жыл бұрын Құлсарыда Гүлшат апамның үйінде үй қызметшісі болғанмын десем сенесіз бе?"-, деген актриса жаны ауырып жылаған күндерінен оқырмандарына айтып берді.

Басқа орта, басқа жер, бөтен адамдар жалындаған жас шағыңда осындай жұмыс істеу маған оңай болған жоқ. Өйткені мен музыкалық училищедегі, спортағы өскен ортамды, анамның 40 қыз жұмыс істейтін тігін цехын, ауылдағы зәулім үйімізді, үйдің жанындағы кафе-магазинимізді басқарып бастықтың ерке қызы болып жүрген кездерімді қатты сағынатынмын.
Гулшат апамның үйінде суды ауладағы цестрнадан шелекпен үйге тасып, қолмен кір жуып, тамақ пісіріп, кейде постельдерін машинкамен тігіп одан қалса сол үйдің балалары Абылай мен Айбек Айданаларға кешке тренер болып төбелес үйретіп күнім өтіп жатты.
Сондай күндердің бірінде су тасып жүріп үйдің алдында құлап қалдым. Сол кезде тізем ауырмаған да, болар мүмкін. Бірақ ызадан, тамаққа тығылып тұрған өксіктен жарылып жылағаным әлі есімде.
Мен не істеп жүрмін?
Қайда жүрмін?
Мен қандай биші болар едім (өйткені училищені қызыл дипломмен бітірдім мені хореография институтына емтихансыз алады деп жолдама берген еді)
Мүмкін мықты спортшы болармедім енді мықты тренерлердің қолына түсіп едім.
Өкініш өзегімді өртеп бара жатты, өтіп жатқан уақытыма, жастық шағымның осылай өтіп жатқанына тоқтамай жыладым. Бұдан ары қарай осылай жалғастыру мүмкін емес еді...



Одан кейін актриса бұл күндерді неліктен еске түскеніні тоқталып, "Кәзір неге мұны айтып отырмын Аллаға мың шүкір алға қойған мақсаттарыма жетіп келемін кәзіргі таңда өзімнің 0 ден бастаған Шабыт деген өз әлемім бар. 30 биші қыздарым 8 жүргізуші жігіттерім 2 админстраторым, сән салонымда оншақты қыз-келіншектер, тігін цехымда 12 тігіншім бар. Бас аяғы 60-тан аса адамға аз да, болса білгенімді үйретіп, жұмыс орын ашып, жергілікті қыз келіншектерді жұмыспен қамтамасыз етіп, айлықтарын уақтында кешіктірмей беріп, мемлекетке ЖК "SHABYT" есеп беріп, салық төлеп отырған кәсіпкерлердің бірімін деп ауыз толтыра айта аламын"-, деп осы күніне шүкірлік етті.

"Кәсіпті қалай бастадыңыз деген сұраққа Ғ.Мүсірепов театрының жатақхансында тұрғанда жұмыстан бос кезде тар жерге тығылып 1тігін машинкасымен ешкімге алақан жаймай, ешқандай кредит алмай-ақ өз киімдерімді тігуден бастадым. Ең бастысы - ниет пен талап!"-, деп оқырмандарына жігер берді.

ERNUR.KZ