Шалбармен колготка кигенді ұнатпайтын қыздарға арналған 4 лайфхак

0
3 987

Шалбардың ішінен колготка кию ыңғайсызды тудырады. Басқа қандай амалы бар?


Шалбармен колготка кигенді ұнатпайтын қыздарға арналған 4 лайфхак

Шұлық немесе гольф кию

Кашемирден тігілген шұлық, болмаса гольфті шалбардың ішінен кию ең оңай тәсілдің бірі. Өйткені ол жылы әрі колготка сияқты белі болмағандықтан ыңғайсыздық тудырмайды. Сондай-ақ кеңсеңіз жылы болса, шешіп тастауға да ыңғайлы.

Термо-леггинсы

Денеге жабысып тұратын мұндай шалбарлар суық күнде тоңбауыңызға кепіл бола алады. Күнделікті киіп жүруге арналған бұл киімнің матасы өте жұмсақ. Сол себепті ол мүсініңізді бұзбайды және қолайсыздық туындатпайды.


Жылуы бар джинсылар

Джинс шалбардың қысқы маусымға арналған түрлері бар. Егер жұмысыңыз леггинсы киюге рұқсат етпесе, осындай джинс шалбарларға таңдау жасауға болады. Бұл шалбарлар суық желді өткізбейді, аяғыңызды тоңдырмайды.

Түкті матадан тігілген шалбарлар

Табиғи материалдардың жылуы жақсы болатыны белгілі. Осы себептен де әр қыз баланың гардеробында кашемир мен түкті матадан тігілген шалбар болуы керек. Бірақ бұл маталар теріге ыңғайсыздық тудырады, сол үшін астары барын таңдаңыз.


Фото ашық дереккөздерден алынды.

ERNUR.KZ