«Септикке» толы Шымкент: қаладағы үйлердің 72%-і кәріз жүйесіне қосылмаған

0
2 320

Демек, қала тұрғындарының басым бөлігі әлі күнге үй жанынан "септик" қазып пайдалануға мәжбүр.


«Септикке» толы Шымкент: қаладағы үйлердің 72%-і кәріз жүйесіне қосылмаған

Жуырда ғана еліміздің үшінші мегаполисі атанған Шымкент қаласындағы үйлердің тек 28 пайызы ғана орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласындағы Жаңа талап елдімекенінде Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов халық алдында есеп беруі кезінде мәлім болды.

«Шымкент қаласында 17 205 үй, яғни 28% ғана кәріз жүйесімен қамтылған. Ал 44 243 үй, 72%-і кәріз жүйесіне қосылмаған», - деді ол өз баяндамасында.

Демек, қала тұрғындарының басым бөлігі әлі күнге үй жанынан "септик" қазып пайдалануға мәжбүр. Сондай-ақ, сол 44 243 үйдің көбі шаһарға аудандардан қосылған үйлер дей алмайсыз. Деген күнде де ол елдімекендердің мегаполис құрамына кіргені кеше емес, 2 жылдан асып барады...