Шымкент қаласы прокуратурасы тұрғындарды алаяқтарға алданып қалмауға шақырады

0
2 150

Тек 10 айдың ішінде банктердің қызметіне байланысты 52 алаяқтық дерегі тіркелген.


Шымкент қаласы прокуратурасы тұрғындарды алаяқтарға алданып қалмауға шақырады

Шымкент қаласы прокуратурасының талдауы көрсеткендей, ағымдағы жылы алаяқтық деректері біршама төмендегенімен (2104-тен 2025-ке), осы санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың Әл-Фараби ауданында өсу деңгейі байқалады (1008). Бұл белгілі бір дәрежеде аталған аумақта банктік мекемелердің көптеп орналасуына байланысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тек 10 айдың ішінде банктердің қызметіне байланысты 52 алаяқтық дерегі тіркелген. Көп жағдайларда қысқа мерзімде төлемді толық жасаймын деген алаяқтарға сенгіш азаматтардың өз аттарына кредит алып беріп, оны үшінші тұлғаларға тапсырған және қаражатты алысымен алаяқтар іздерін жасырып отырған.

Осыған байланысты, тұрғындарды күмәнді келісімшарт жасар алдында мұқият болуға шақырамыз. Бөтен азаматтардың уәдесіне сенбеңіз, оларға құжаттарды, нотариалды куәландырусыз депозит пен аванс бермеңіз, өз мүлкіңізді және оған қатысты құқықты бағалаңыз. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, онда дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.