Шымкенттің мектебінде жаппай уланғандар ауруханадан шықты

0
1 172

Уланғандардың 4-еуі ересек және 41 бала.


Шымкенттің мектебінде жаппай уланғандар ауруханадан шықты

Шымкент қаласындағы №54 мектепте белгісіз иістен уланып қалған 45 адам ауруханадан шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, токсикологиялық ауруханаға барлығы 45 науқас түскен, оның ішінде 4 ересек және 41 бала. Барлығына медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Дәрігерлер медициналық көмек кезінде бақылауды күшейтіп, кезекші дәрігерлермен қатар 2 токсиколог маман қосымша медициналық қызмет көрсеткен. Бұған қоса 3 психолог дәрігер оқушылармен жеке -жеке жұмыс істеп шықты.

Ауруханаға жеткізілген 45 науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне шығарылды. Қосымша тұрғылықты жері бойынша науқастар емхана дәрігерлерінің бақылауында болады.

Алдын ала болжам бойынша 45 науқасқа «табиғи газдың компоненттерімен уланудың жеңіл дәрежесі» диагнозы қойылған.