​20,30,40,50 жас: Еркектер НЕНІ қалайды?

0
10 228

Жалғасын оқыңыз, түсінесіз...


​20,30,40,50 жас: Еркектер НЕНІ қалайды?

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Адамның өмір сүру барысында көп нәрсе өзгереді. Балалық шағымызда біз алаңсыз болсақ, есейе келе дүниетанымымыз да көбейіп, арман-мақсаттарымыз, ойымыз, тіпті, достармен, өмірлік серігімізбен де қарым-қатынасымыз жылдар бойы өзгеріп отырады.

Кейде оны түсінбей қаламыз... Ойымыздағы, санамыздағы бейнелер өзгере бастағанда діліміздегі сөз тілімізге көшеді: «Бұдан алдын мұндай адам емес едіңіз, қатты өзгердіңіз». Неліктен олай?

Себебі, ер адамдардың жұбайына деген нәзік қарым-қатынасы жасының ұлғаюына байланысты өзгеруі мүмкін. Қарым-қатынастың өзгеруінің белгілері қандай?

Жалғасын оқыңыз, түсінесіз...



20 жас: «Қарындас, сізбен танысқым келеді...»

Жас жігіттердің қызығушылығы артатын, арулармен байланыс орнатуға құлшыныс білдіретін жасы. Жыныстық жетілу, гормондық өзгерістер және мінез-құлықтың белсенділігі бұл жаста арта түседі. Қарама-қарсы жыныс өкіліне құрмет көрсету, оған қорған болу, сезімдер тасқыны, махаббат - барлығы да бұл жастағы жігіттердің бойынан көрініс береді.

Өзіне деген сенімі артатын, тауды қопармаса да, бойында жастық жалын лапылдап, биік арман-мақсаттарына ұмтылатын, махаббат жолында «көзсіз батырлыққа» да барудан тайынбайтын жас. Бұл кезеңде оларды жанды баурайтын тәтті сөздер, сұлу қыздардың ортасы көбірек қызықтырады. Тұрақты қарым-қатынас, ішкі түйсіктің салқынқанды оймен астасуы әлі бұл жаста ертерек.

Егер осындай жастағы жігітте көңіліңіз болса, одан отбасын құру туралы ұсынысты ұзақ уақыт күтіп жүруге мәжбүрсіз. Себебі, ол отбасын құруға өзін дайынмын деп көрсеткенімен, іштей әлі де шала, «аяғын нық басуға» оннан бірі ғана дайын болуы мүмкін.



30 жас: «Кемелденген жылдар...»

Отбасылы, бір-екі перзенттің әкесі болып үлгерген ер-азаматтың ой-өрісі, таным-түйсігі осыдан он жыл алдындағыдай емес. Нәзік қарым-қатынаста да өзін бірқалыпты ұстайды. Көңіл бөлу, елдің назарында болу бұл жастағылар үшін бұрынғыдан да маңызды. Соған сай ол өзінің жұбайына да өзіне көбірек назар аударуын, жағдайын жасауын, қас-қабағын бағуын талап ете бастайды.

Бұл жастағы ерлердің көпшілігі жұбайлық қарым-қатынастың біркелкілігінен жалыға бастайды. Яғни, өздерінің тілінде айтсақ, «күнделікті бір ғана емес, әр түрлі тағамның дәмін татқысы келетіндігімен» ақталуға тырысады.

Сіз не істейсіз? Біріншіден, сөзіңізге абай болыңыз! Күйеуіңіздің күн өткен сайын беті жалпайып, қарыны шығып келе жатқанын бетіне басып, оның өзіне деген сенімін таптамаңыз. Отыздан асып бара жатқан жігіттердің көпшілігі толыса бастайды. Мұны қабылдауға тиіссіз.

Екіншіден, азаматыңыз жас қосылған сайын айналасындағы әйелдердің өзін ортада ұстауы, ерекше көрінісі және адамдармен мәмілесі, ақыл-парасаты жайлы сөз қозғаса ашуға бой алдырмаңыз. Ол әдейі болмаса да ішкі талаптарын осылайша ескертеді. Сондықтан, еріңіздің талаптарына сай, оған жауап бере алатын әйелге айналыңыз.


35-40 жас: «Мазамды алмашы, көңіл-күйім жоқ...»

Орта жастағы ер-азаматтардың жан-дүниесі ішкі депрессиямен арпалыс үстінде. Отбасының бітпейтін кәкір-шүкірі, бала-шағаға қажеттілердің кем-кетігін толтырып беру, іні-қарындастардың жағдайын да мидың бір бұрышында сақтау, өз ішіндегі текетірес, сырттағы әріптеспен немесе жолдастармен келіспеушіліктер- қысқасы, осылардың барлығы жиналып келіп, еркектің жүйкесін жұқартуына себеп болады.

Сондықтан, ер адамның күндізгі көңіл-күйі жатын бөлмеңізде де жалғасуы мүмкін. Егер осы әсерлерден ерлі-зайыптылардың арасындағы жақын байланыс әлсірей бастаса, кейінгі орынға түсіп қалса мазасызданбаңыз. Күдігіңіз де орынсыз. Өйткені, ол сізге бұрынғыдай жақын бола алмаса, шаршағаны. Түсіністік танытыңыз, тынығуы үшін жағдай жасап, бұрынғы қалпына келтіре аласыз.

30-35 жастағы әйелдердің көпшілігінде еріне деген қызғаныш сезімі артады. Сонымен қатар, сезімі де күшейе түседі. Бұл әйел организміндегі бала табудан кейінгі өзгерістер. Бұл- әйелдер үшін қалыпты жағдай болып саналады. Ал ерлер керісінше. Әйел оған қарай жүрсе, ол алыстай бастаған секілді көрінеді.

Сабырлылық танытыңыз!


45-55 жас: «Денсаулығым сыр берген секілді...»

Бұл жастағы еркектің жыныстық құштарлығы төмендемегенімен, мүмкіндігі шектеулі болады. Яғни, жасқа байланысты денсаулықтың төмендеуі де еркектік қасиетке әсерін тигізбей қоймайды. Денсаулығына күтіммен қараған, салауатты өмір салтын жастайынан ұстанған еркектер мұндайдан аулақ болуы ықтимал. Олар үшін жұбайымен қатынас бұрынғыдай қызықты.

Бұл кезеңде жұбыңызға көмек бергеніңіз жөн. Бәлкім, дәрігердің нұсқауы, бәлкім, қуаттандырушы дәрумендер, спорт арқылы оның денсаулығын оңалтуға әрекет етіңіз. Өйткені, ер адам қай жаста болса да өзінің қажет екендігін сезінуі тиіс.

Жасы келген әйелдердің көпшілігі жұбайлар төсегінен бөлініп, жатын орнын да ауыстырып жатады. Дұрыс қадам еместігін ұғыңыз.

Өмір бойы балаларыңыздың мәселесімен шапқылап, солар үшін өмір сүргеніңіз де жетер. Енді өзіңіз үшін өмір сүруге тиіссіз.

Қай жаста болса да еркек үшін маңыздысы - НАЗАРда болу. Әдемі, жылы қарым-қатынас орнату. Осы амалдарды орындауға, оның көңілін табуға ұмтылсаңыз, өкінбейсіз.

А. Сәрсенбаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Отбасылық өмірге бейімделгенсіз бе?


Әйелінен алғыс естімеген ЕРКЕК қымбат сыйлықты БӨТЕН ӘЙЕЛГЕ жасайды (әйелдердің құлағына алтын сырға)