ТҮРКІСТАН облысы: Оқушы қызды ұрлап азғындық жасамақ болған күдікті ұсталды (видео)

0
1 664

«Сайрам ауданындағы бір мектептен 0-сынып оқушысын ұрлап бара жатқан жерінен 11-сынып оқушылары көріп, полицияға звондаған».


ТҮРКІСТАН облысы: Оқушы қызды ұрлап азғындық жасамақ болған күдікті ұсталды (видео)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Сайрам ауданында мектепалды даярлық сыныбында оқитын қыз баланы азғындық әрекетпен ұрламақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тараған болатын. «Сайрам ауданындағы бір мектептен 0-сынып оқушысын ұрлап бара жатқан жерінен 11-сынып оқушылары көріп, полицияға звондаған» деген хабарламамен бірге тараған бейнежазбада көліктің нөмірі және күдікті делінген азамат анық түсірілген. Сондай-ақ, бейнежазба авторы оның азғындық әрекетін де атап өтеді.

видео әлеуметтік желіден алынды

Оқиғаны Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі растап отыр.

«Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмағанға қатысты азғындық әрекет жасаған деген күдікпен жергілікті жердің тұрғынын ұстады.

2019 жылдың 15 қаңтарында Сайрам аудандық полиция басқармасының ЖПҚ ювеналды полиция тобының мектеп инспекторына тұрғын арызданған, онда белгісіз тұлға оның қызына қатысты азғындық әрекетін жасағанын көрсеткен. Оқушының ата-анасымен барып, полиция қызметкері күдіктіні анықтап ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Арыз Сайрам АПБ-ның СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 124 бабымен тіркелді. Күдікті қамауда. Тергеушілермен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.