4 700-ден астам әскери қызметші вакцинацияға қарсы шықты

0
456

Бұл әскер қолбасшылығы үшін күтпеген жағдай болды.


4 700-ден астам әскери қызметші вакцинацияға қарсы шықты

ERNUR.KZ. АҚШ-та 12 мыңнан астам әскери адамдары діни себептерге байланысты вакцинациядан босатуды сұрады, деп жазады inbusiness.kz.

Military Times мәліметтері бойынша әзірге сұраулардың ешқайсысы қанағаттандырылған жоқ. Әуе күштерінің әскери қызметшілерінің көпшілігі, яғни 4 700-ден астам әскери вакцинацияға қарсы шықты. Газетте жарияланғандай, бұл әскер қолбасшылығы үшін күтпеген жағдай болды.

Коронавирус: әлемде не болып жатыр?

Давостағы форум “омикрон” штамының таралуына байланысты кейінге қалдырылды. Бастапқыда іс-шара қаңтар айының соңына жоспарланған болатын, алайда жаз мезгіліне ауыстырылды

"Қатаң медициналық хаттамаларға қарамастан “омикрон” штамының таралу жылдамдығы және оның сапар мен қозғалысқа әсері форумды кейінге қалдыруды қажет етті", – деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

Қытайда үш жастан 11 жасқа дейінгі 140 миллион бала коронавирусқа қарсы егілді. Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығының хабарлауынша, балаларда байқалған жанама әсерлердің жиілігі ересектерге қарағанда төмен. Кәмелетке толмағандар вакцинация туралы толық хабардар болған және иммундаудан өтуді қалаған және келіскен жағдайда ғана екпе салдыра алады.