Адамзат он жылдан кейін автокөліктерден бас тартады - сарапшылар

0
822

Қазіргі уақытта жеке автокөліктер танымалдылыққа ие.


Адамзат он жылдан кейін автокөліктерден бас тартады - сарапшылар

ERNUR.KZ. 2035 жылға қарай жеке көліктерді пайдалану деңгейі бүкіл әлемде азайып, адамдар "экологиялық таза және ыңғайлы" көлікті таңдай бастайды, деп жазады stan.kz.

Мұндай болжамды McKinsey консалтингтік компаниясы ұсынды.

Қазіргі уақытта жеке автокөліктер танымалдылыққа ие. Бүгінде әлемде 1,3 миллиард көлік қолданылады. Бірақ сарапшылардың болжамы бойынша, жеке көліктер үлесі 2022 жылғы 45%-дан 2035 жылға қарай 29%-ға дейін төмендейді.

2020 жылы зиянды газ қалдықтарының 20 пайызы – көлік секторынан. Осыдан кейін әлемнің 150 қаласында көліктің экологиялық түрлерін ілгерілету шаралары қабылданды.

"Жеке көліктер кептелісті тудырады, өйткені қоғамдық көліктерде жолаушы көп болса, жеке көліктерде отыратын адам аз. Алайда қазір қоғамдық көлікке деген сұраныс байқалуда", – делінген баяндамада.

Респонденттердің 46% мобильді көлікке ауысқан тиімді екенін айтқан. Сауалнамаға қатысқандардың 16% өздерінің қоғамдық көлікке ауысуды жоспарлап отыр.