Наурызда елде бірінші науқас тіркелгеннен кейін билік қатаң шектеу шараларын қолданған, шекараны жауып, жиналыстарға тыйым салған
ERNUR.KZ. Африкадағы Мавритания елінде соңғы күндері індеттен қайтыс болған бірде-бір адам тіркелген жоқ, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы Le Calame жергілікті басылымы денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Тестер де коронавирус жұқтырған адамдарды анықтамаған. Осылайша Мавритания эпидемияны жеңгенін жариялаған алғашқы мемлекет атанды.
Жалпы, елде 17 адам ауырып, біреуі көз жұмды.
13 наурыз күні бірінші науқас тіркелгеннен кейін билік шекараны жауып, жиналыстарға тыйым салды, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жабылды. Түнгі коменданттық сағат жарияланды және қалааралық тасымалға шектеу енгізілді.
Дегенмен қырағылықты сақтап, коронавируқа қарсы тексерісті одан әрі жалғастыру қажет.