Әлемде пандемияның жаңа толқыны тарап жатыр

0
611

24 маусымда әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны 9,1 миллионнан асты


Әлемде пандемияның жаңа толқыны тарап жатыр

ERNUR.KZ. Коронавирус пандемиясының екінші толқыны оңтүстік жарты шардан әлем бойынша тарап жатыр, деп жазады Тengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, Австралияда соңғы аптада 150 науқас тіркелді.

Ал Бразилияда жаңадан анықталған жағдайлардың саны күн сайын өсіп жатыр. 24 маусымда ол миллион жүз елу мың адамға жетті. ДДҰ осы Оңтүстік Америка мемлекетінде эпидемиологиялық жағдайды әлемдегі ең ауыр жағдайдың бірі деп санайды екен.

АҚШ-та инфекционистер де қазіргі уақытта елде жұқтырғандар санының күрт өсіп жатқанын айтады.

Соңғы тәулікте Чилиде коронавирусты жұқтырудың 3649 жағдайы және 226 өлім - жітім тіркеліпті. Мексикада - 6288 жағдай және 793 өлім - жітім, Боливияда - 896 жағдай және 26 өлім-жітім, Гватемалада-771 және 35, Гондураста-587 және 10 жағдай тіркелген.




Осыған байланысты сарапшылар Еуропада коронавирус індетінің екінші толқынының жоғары қаупі туралы ескертеді.

Германияда жұқтырудың жаңа жағдайларының саны күн сайын өсіп жатыр: соңғы тәулікте ол 587-ге өсті. Еліміздің батысында жергілікті ет комбинатында коронавирустың жаппай өршуінен кейін 360 мың тұрғынға екі ауданда қайта карантин енгізілді.

Еуропа еліндегі инфекциядан ең зардап шеккен Италияда жұқтырудың жаңа жағдайларының тәуліктік өсімі 122-ге жеткен.



Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше. 24 маусымда әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны 9,1 миллионнан асты, 473 мыңнан аса адам қайтыс болды.