Беларусьте бірнеше танымал журналист жұмыстан кетті

0
861

Олардың ішіндегі ең танымалдары – "АТН", "СТВ" телеарналарының тележүргізушілері Евгений Перлин, Татьяна Бородкина және радио жүргізуші Александр Шустер.


Беларусьте бірнеше танымал журналист жұмыстан кетті

ERNUR.KZ. Бірнеше танымал теле, радио жүргізуші мен журналист Беларусь мемлекеттік БАҚ-нан жұмыстан босату туралы өтініш жазды және бұл туралы олар өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлады, деп жазады baq.kz.

Олардың ішіндегі ең танымалдары – "АТН", "СТВ" телеарналарының тележүргізушілері Евгений Перлин, Татьяна Бородкина және радио жүргізуші Александр Шустер.
Елімізді "таңдаумен" құттықтаймыз! Тіпті қазірдің өзінде "таңдау" жасалып қойса да, мен қорықпаймын, сіздер де қорықпаңыздар. Балаларымызды болашағынан айырмайық!, - деп жазды "СТВ" телеарнасының бұрынғы жүргізуші Бородкина өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
"АТ" телеарнасының ең танымал және талантты тележүргізушілерінің бірі Перлин өзінің жазбасын "Менің Беларуссияма не болды?", деп бастады. Онда ол бұрын өзі жүргізген бағдарламалардың ешқайсысы қазір бұрынғыдай эмоция тудырмайтынын атап өтті.
Қазір ойын-сауық жобаларының ешқайсысы эмоцияны тудырмайды. Менің бүгінгі эфирім "Беларусь 1"-дегі соңғы эфир болады деп шештім. Бұл шешімге ешкім әсер еткен жоқ, мен оны өзім қабылдадым, - деп жазды Перлин өзінің парақшасында.
"АТН" телеарнасының тағы бір журналисі Сергей Козлович өзінің бас мемлекеттік телеарнадан жұмыстан кету туралы хабарламасын әлеуметтік желілерде жазды.


"TUT.BY" ақпараты бойынша, қызметтен кету туралы өтінішті беларусь радиосы Бірінші арнасының қызметкерлері де жазған. Олар "Радыефакт" бағдарламасы мен өзге де хабарлардың жүргізушісі Александр Шустер және жаңалықтар жүргізушісі Татьяна Филипченко. Кейбір БАҚ "ОНТ" телеарнасынан Ольга Богатыревичтің жұмыстан кеткені туралы хабарлады.

Бірнеше күн бұрын "Добрай раніцы, Беларусь" тележүргізушілері Вера Каретникова мен Андрей Макаенак Instagram-да "Беларусь-1"-ден кету туралы жаңалықпен бөліскен еді.

Бұған дейін Беларусьте кейбір құқық қорғау органдарының қызметкерлері де жұмыстан шыға бастағаны хабарланған болатын.