Черногорияда жоғарғы санатты экотакси жүйесі іске қосылды

0
809

Бұл өз санатындағы әлемдегі ең қымбат көлік екен.


Черногорияда жоғарғы санатты экотакси жүйесі іске қосылды

ERNUR.KZ. Черногория люкс дәрежесіндегі экологиялық такси жобасын іске қосқан Балкан түбегіндегі алғашқы ел болды. Әзірше осындай көліктердің саны көп емес- 6 дана ғана, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жақын арада Черногорияда экологиялық таза такси жүретін болды. Бұл жобаны ПодгОрице қаласында ірі тасымалдаушы компания жүзеге асырды.

- Оның сұранысқа ие болатыны анық, бірақ ол көптеген факторларға байланысты болмақ. Ең алдымен бағасы. Нарықта қалыптасқан бағадан жоғары болса, сұраныс төмендейді. Черногория туристік ел болғандықтан, мұнда бәсеке өте күшті. Такси қызметін көрсететін және көліктерді жалға беретін фирмалар көп. Сондықтан бағасы орташа болуы керек, - дейді автокөліктерді жалға беру компаниясының директоры Бакич Стефан.

Жобаны қолға алған компания басшылығы сапарының бағасы қымбат болса да, тұрғындар аталмыш көліктерді белсенді қолданатынына сенімді. Бұл Балкан түбегіндегі электромобильдерден құралған алғашқы такси қызметі.

- Экологиялық таза такси Еуропаға тән үдеріс. Ол Черногорияда жерсініп ғана қоймай, өзге де экологиялық жобалардың жүзеге асуына түрткі болуы тиіс, - дейді кәсіпкер Ольга Цирикидзе.

Кәсіп иесінің айтуынша, ендігі жалғыз мәселе - қуаттандыру станасаларының тапшылығы. Сол себептен мұндай көліктердің санын арттыруға мүмкіндік болмай отыр. Алайда бұл мәселе де жақын арада шешімін табады. Жобаның басты мақсаты - қоршаған ортаға зиян келтірмей, халыққа қызмет көрсету.