Франция билігі төтенше жағдай режимін 24 шілдеге дейін ұзартпақ

0
792

Десе де, кейбір шектеулер алынады.


Франция билігі төтенше жағдай режимін 24 шілдеге дейін ұзартпақ

ERNUR.KZ. Франция билігі елде төтенше жағдай режимін шілденің 24-іне дейін ұзартпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».


Құжат келесі аптада парламентте мақұлданса, карантин мерзімі тағы екі айға созылатын болады. Десе де, кейбір шектеулер алынады.


Мысалы, мамырдың 11-інен бастап ел тұрғындары сыртқа тиісті анықтамасыз шыға алады. Сонымен қатар вирус көп таралмаған өңірлерде бастауыш сынып оқушылары үшін мектептер ашылатын болды. Ал, қоғамдық көлік пен адам көп жиналатын жерде халық міндетті түрде маска тағып жүруі керек. Елге келген әр азамат оқшаулану режимін қатаң сақтауы тиіс.


Айта кетейік, бүгінде Францияда 24760 адам коронавирустың жаңа түрінен көз жұмды. Ал дертті жұқтырған науқастардың саны 130 мыңнан асты.