Ганада бір науқас 533 адамға коронавирус жұқтырған

0
678

Науқас балық өңдеу кәсіпорнында жұмыс істеген.


Ганада бір науқас 533 адамға коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Гананың оңтүстігіндегі Тема қаласында бір науқас балық өңдеу кәсіпорнының 533 жұмысшысына коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ел президенті Нана Акуфо-Аддо мәлім етті, деп жазады Nur.kz.


"Өткен сәрсенбі мен бейсенбі аралығында тіркелген 921 жаңа науқастың 533-і Темадағы балық өңдеу кәсіпорнының жұмысшылары екенін атап өткен жөн. 533 жұмысшының барлығына коронавирусты бір адам жұқтырған", – деп мәлімдеді мемлекет басшысы халыққа үндеуінде.


Сондай-ақ ол қоғамдық іс-шараларды өткізбеу жөніндегі шектеулер мамырдың соңына дейін ұзартылатынын, білім беру мекемелері жабылатынын атап өтіп, халықты қажетті гигиена мен әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға шақырды.

Президент келтірген соңғы деректерге сәйкес, Ганада жалпы 4700 адам коронавирус жұқтырған. 494 науқас аурудан жазылып шықса, 22-сі көз жұмған.