Дертті жұқтырғандардың арасында мұғалімдер мен тәрбиешілер бар.
ERNUR.KZ. Германияда коронавирусты жұқтырғандардың саны соңғы бір тәулікте 109-ға артып, 534-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Дертке шалдығу оқиғасының көбі Солтүстік Рейн-Вестфалия мен елдің оңтүстігіндегі Баден-Вюртемберг және Бавария аймағында тіркелген. Дертті жұқтырғандардың арасында мұғалімдер мен тәрбиешілер бар. Сондықтан кей оқу орындары жабылып жатыр. Індеттен әуе билеттеріне сұраныс төмендеп, жергілікті компаниялар шығынға ұшырауда. Мысалы, наурыз басталғалы Lufthansa бірлестігінің 7 мыңнан аса рейсі болмай қалды