Иран – коронавирустан ең көп зардап шеккен елдердің бірі.
ERNUR.KZ. Иранда коронавирустық инфекциядан Иранның мақсатты кеңесінің мүшесі Сейед Мохаммад Мирмихаммади қайтыс болды, деп хабарлады Хабар24.
Ресми статистикаға сәйкес, Иран – коронавирустан ең көп зардап шеккен елдердің бірі.
Иранның мәліметі бойынша, елде отыздан астам адам коронавирустан қайтыс болды, 400-ге жуық адам вирусты жұқтырды. Вирус жұқтырғандардың арасында вице-президент, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, екі парламент мүшесі бар.
Иран парламенті коронавирустың таралу қаупіне байланысты өз жұмысын тоқтатты.