Қазақстан мен Өзбекстан әскерилері бірлесіп жұмыс істейді

0
1 184

Қазақстан мен Өзбекстан әскерилері «Ерік-дала» оқу-жаттығу жиынын өткізді.


Қазақстан мен Өзбекстан әскерилері бірлесіп жұмыс істейді

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Өзбекстан әскерилері «Ерік-дала» оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан әскери делегациясының ресми сапары аясында, ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов пен Өзбекстан қорғаныс ведомствосының басшысы Абдусалом Азизов бірлескен "Ерік дала" оқу-жаттығуларына қатысты. Өзбекстан мен Қазақстанның арнайы операциялар бөлімінің жаттығулары барысында түнгі уақытта әскери қимыл жасау және барлау міндеттері орындалды.

" Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы күштерінің арнайы операциялық күштері бөлімшелеріне жүктелген тапсырмалар сәтті орындалды. Біздің Президентіміз, Жоғарғы Бас Қолбасшымыздың қойған міндеттері аясындағы мәселелерді талқыладық Сапар барысында біз көптеген мәселелерді шештік. Біз шұғыл әскери дайындық және маман дайындау мәселелерін бірлесіп шешетін болдық", - деді ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Министрдің айтуынша, әскери оқу-жаттығуларының екінші кезеңі Өзбекстанның "Фориш" оқу орталығы базасында өтеді деп жоспарланған.