Тағы бір ел коронавирусты жеңгенін мәлімдеді

0
721

Соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 7-ден аспаған.


Тағы бір ел коронавирусты жеңгенін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Тағы бір ел коронавирусты жеңгенін мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.


Дереккөз мәліметінше, Словения үкіметі ресми түрде елде эпидемия аяқталғанын мәлімдеген.

Биліктегілер соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 7-ден аспағандықтан осындай шешім қабылдаған екен.


"Соңғы екі айда Словенияда коронавирус жұқтырғандардың санын азайту мүмкін болды. Бүгінде Словенияда эпидемиологиялық жағдай жақсы", - деді премьер-министр Янез Янша.

Дегенмен үкіметтегілер халықтан сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Маска тағып, қоғамдық жерлерде қашықтық сақтап, қолды дезинфекциялауды ұмытпауға кеңес береді.