Тұмауға ұқсас түрлері кездеседі: Дәрігер омикрон штамының жаңа белгілерін анықтады

0
810

Омикрон штамын жұқтырғандардың ешқайсысы дәм мен иіс сезімін жоғалтпаған.


Тұмауға ұқсас түрлері кездеседі: Дәрігер омикрон штамының жаңа белгілерін анықтады

ERNUR.KZ. Оңтүстікафрикалық дәрігер Унбен Пиллэй коронавирустың жаңа штамы – омикронды жұқтырғандардың белгілері туралы айтты, деп жазады Stan.kz.

Пиллейдің айтуынша, ауру өзін "өте жеңіл" түрде көрсеткенімен, алдын ала ақпарат айтуға әлі ерте.

"Біз көрген науқастардың тұмау белгілері бар, құрғақ жөтел, дене қызуы көтеріледі, түнде тершеңдік, тұла бойының ауруы бар. Менің ойымша, бұл біз көрген барлық басқа COVID-19 белгілерімен сәйкес келеді", - дейді дәрігер.

Бұған дейін Оңтүстік Африка медициналық қауымдастығы қатты шаршауды коронавирустың омикрондық штаммының негізгі симптомы деп атаған. Сонымен қатар, пациенттердің ешқайсысы дәм мен иіс сезімін жоғалтпаған.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штамын B.1.1.529 грек әрпімен омикрон деп атаған.

Дүниежүзілік медициналық қауымдастықтың (WMA) басшысы Франк Ульрих Монтгомери жаңа омикрон коронавирус штамы Эбола вирусы сияқты жұқпалы екеніне алаңдаулы.

Германияда омикрон штамының бірінші жағдайының табылуын билік "жоғары ықтималдықпен" жариялады. Ал Израиль екі аптаға барлық шетелдіктер үшін шекарасын жапты.

Бұл жағдайдан соң Қазақстанда коронавирус инфекциясының жаңа штаммына байланысты жаңа шектеулер енгізілді, оның ішінде Мысырмен әуе рейстері тоқтатылды. Осыған байланысты билік жақын күндері Мысырдан келетін қазақстандық туристерді қайтару үшін 23 репатриациялық рейс ашуға уәде берді. Бірақ кейін Кәсіпкерлер палатасы Мысырға тоқтатылған турлар басқа елдерге ауыстырылатынын айтты.