Жапонияда карантин 31 мамырға дейін ұзартылды

0
823

Бүгінде Жапонияда коронавирусқа шалдығудың 15 мыңнан астам оқиғасы тіркелді.


Жапонияда карантин 31 мамырға дейін ұзартылды

ERNUR.KZ. Жапонияда коронавирусты жұқтырудың жаңа оқиғаларының саны азаюына қарамастан, карантин режимі 31 мамырға дейін ұзартылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Агенттік мәліметінше, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ төтенше жағдай режимін ұзарту туралы шешімді ресми түрде бүгін қабылдайды.

Елде медициналық кадрлар тапшы, ал экономикалық белсенділік төмендей түскен.

«Өткен аптада С.Абе карантиннің ұзартылуына қатысты сөз қозғап, адамдардың қалыпты өмірге бірден оралмайтынын қосып өтті. Жұма күні үкіметтік топ COVID-19-дың жаңа оқиғаларының көбеюіне жол бермеу үшін төтенше шараларды ұзартуды кеңес етті. Жапонияның түрлі префектураларында коронавирусқа шалдығу фактілерінің саны әртүрлі болғандықтан, үкіметтің инфекция аз таралған префектураларда карантин режимін әлсірету шешімін қабылдайтыны күтілуде», - делінген ақпаратта.

Осы арада, елде саябақ, кітапхана және мұражайлардың жұмысына санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтау шартымен ғана рұқсат етілмек. 7 сәуірде премьер-министр С.Абэ қалалық аудандар – Токио, Осака және Фукуоканы қамтитын жеті префектурада төтенше жағдай жариялады. Кейінірек,16 сәуірде, ТЖ режимі бүкіл ел бойынша жарияланды.

Үкімет басшысы вирустың ел экономикасына келтірген зардабына байланысты Жапонияның 126 миллионға жуық әр азаматына 100 000 йеннен (930 доллар) беруге уәде етті.

Бүгінде Жапонияда коронавирусқа шалдығудың 15 мыңнан астам оқиғасы тіркелді. Қайтыс болды 550-ге жуық науқас.