Газды сусынды үйде де дайындауға болады

0
3 049

"Фантаны" күн сайын ішіп жүрген боларсыз? Алайда өз қолыңызбен жасап көруді ойладыңыз ба?


Газды сусынды үйде де дайындауға болады

Газды сусындарды адам ағзасына зиянды дегенді жиі естіп жүрсек те, ішкіміз кеп тұратыны бар. Бірақ та үйде дайындалған газды су соншалықты зиянды бола қоймасы анық. Сол себепті де бүгін біз газды суды өз қолымызбен әзірлейміз.


Үйде дайындалған «фанта» сусыны


Қажеттілер:

  • 700 мл су
  • 2 дана апельсин
  • 3 дана мандарин
  • 1 дана лимон
  • 150 гр. қант
  • 500 мл газды су

Дайындалуы:

  1. Жемістерді тазалап жуу қажет. Өйткені жемістерді қабығымен бірге пайдаланамыз.
  2. Лимонның қабығын пышақпен немесе үккішпен жұқалап аршимыз. Бізге тек сары бөлігі ғана керек. Ақшыл жерін қоспаймыз. Ақшыл жерін лимоннан алып тастаған дұрыс.
  3. Сосын лимонды блендерге салып айналдырыңыз немесе шырынын сығып алыңыз.
  4. Апельсин және мандаринды да дәл осылай жасаймыз. Кастрөлге жемістердің қабығын салып, шырынын құйып, қант себеміз.
  5. Содан соң қайнаған су құйып, 1 минуттай қайнатамыз. Кастрөлді оттан алып, суытып, тоңазытқышқа саламыз. 5 сағаттан соң шырынды сүзіп, газды сумен араластырамыз. Сонда газды суымыз да дайын болады.

Лимон шырыны мен ас содасынан газды су

Суреттер ашық дереккөздерден алынды.

Қажеттілер:

  • 250 мл салқын су
  • 1 шай қасық ас содасы
  • Лимон шырыны
  • ½ шай қасық лимон қышқылы
  • Жеміс шырыны (қалауыңызша)

Дайындалуы:

  1. Ас содасын лимон шырыныа салып, көпіршітіп алыңыз.
  2. Сосын осы сұйықтықты лимон қышқылымен жақсылап араластыру керек.
  3. Кейіннен азырақ жеміс шырынын қосып, араластырыңыз.
  4. Сұйықтыққа енді салқын суды құйып, барлығын араластырамыз.
  5. 3-5 минуттан соң газды суды іше беруге болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Ауызашарға ҚУЫРЫЛҒАН БЕСБАРМАҚ дайындауға болады

Қуырмай-ақ пісіріңіз - ТҮСКІ және КЕШКІ ас

Асқабақтан котлет жасап көрдіңіз бе?