Мықты болсаң жасап көр: 14 ауруды емдейтін БІР ғана жаттығу

0
16 510

Кәрілік аяқтан басталады.


Мықты болсаң жасап көр: 14 ауруды емдейтін БІР ғана жаттығу

Денсаулық - адам өмірінің ең басты қажеттілігі. Бұны барлығымыз білсек те, денсаулықты дұрыс сақтауға көпшілігіміз мән бермейміз. Алайда, шығыс халықтары бұл жағынан оқ бойы озық тұр. Олар ертеден-ақ денсаулық сақтауды жүйе ретінде қалыптастырып, дертті барынша бойға дарытпаудың амалдарын қарастырған. Осы мақсатта түрлі жаттығулар ойлап тапқан. Сондай жаттығудың бірі - "Алтын тауық". Кейде оны "Тауық" жаттығуы деп те атайды. Оның ең маңызды пайдасы - мидың қартаюын тежейтіндігі.


Шығыс медицинасы өзіңді жас қалыпта сақтауға көп көңіл бөледі. Көптеген жаттығулар негізінен дәл осы бағытта жұмыс жасайды.


Бұл жаттығу туралы алғаш оқығанда, бірден "Осы да сөз болып па? Оп-оңай ғой", - дедім де, жаттығуды жасауға кірісітім. Бірақ...

Білесіздер ме, мен бұл жаттығуды 10 секунд та жасай алмадым. Қолымнан келмегеніне ызам келді де, келесі аяғыммен тұруға тырыстым. Одан да түк шықпады. Бұл жолы "жетістігім" алғашқыдан да аз уақытты көрсетті.

Кейін ұлымды шақырдым. Жасы 12-ге толған ол футболмен профиссионалды түрде жаттығады. Күнделікті жаттығу жасайтын ұлыма қиын болмас деп ойладым. Ол да оңай санап, мырс етіп күлді де, жасауға кірісіті. Менен 2 есе жақсы жасады, дегенмен, 20 секунд қана тұра алды.

Неге бұлай?

Келесі күні күйеуіме осы жаттығу туралы айттым. Ол жас кезінен спортпен айналысып, шынығып өскен. Жеңіл атлетикадан бірінші орынды иеленген жанның жетістігі қанша болды деп ойлайсыздар? 14 секунд!

Мен мұнымен де тоқтамай, достарыма да аталған жаттығуды жасап көрулерін сұрадым. Олардың жетістіктері де ауыз толтырып айтуға келмеді. 3 секундтан 20 секундқа дейін нәтижені көрсетті.

Оңай көрінгенімен, жасалуы тым қиын жаттығудың сыры неде? Қане, сіз де жасап көріңізші? Мүмкін, сіздің қолыңыздан келер?


Жаттығуды қалай жасайды?

- Аяғыңызды еденге қойып, тік тұрыңыз. Қолдарыңызды төменге түсіріңіз.

- КӨЗІҢІЗДІ ЖҰМЫҢЫЗ! Бұл - маңызды!

- Енді, бір аяғыңызды бүгіңіз. Көзіңізді ашпаңыз. Дәл осы қалапта бір аяқта тұрыңыз. Қанша уақыт бойы тұрдыңыз?

- Келесі аяғыңызбен де жасап көріңіз.

Қалай? Жаттығуды орындау қиын ба?



Бұл қандай жаттығу?

Бұл - қытайлық Цигун деп аталатын емдік гимнастиканың бір тұрысы. Аталған жаттығу туралы халық арасында "Алтын тауық бір аяқтап тұрады" деген қанатты сөз де қалыптасқан.

Жаттығуды күнделікті орындау арқылы ағзамызға кесірін тигізетін көптеген аурулардың, тіпті мидың қартаюының да алдын алуға болады.

Мамандар жаттығуды таңертең жасауға кеңес береді. Алдымен бір аяқпен тұрып, кейін екінші аяққа ауысу керек. Әр аяқпен тұру уақыты 3 минут болғанда ғана жаттығу орындалады.

Бұл жаттығуды орындау өте оңай. Соған қарамай, оның пайдасы өте зор. Дегенмен, жаттығуды бірден 3 минутқа дейін ешкім жасай алмайды. Ол үшін күнделікті жасап, машықтану керек. Көптеген жандар алғашқы талпынысында он секундқа да жептейді. Ал, бірнеше күнде нәтиже екі есеге дейін жоғарылайды екен.


"Алтын тауық" жаттығуының қандай пайдасы бар?

Цигун жаттығуында қартаю аяқтан басталады деп айтылады. Сол себептен де, бұл жаттығу ең алдымен кәрілікке қарсы тұратындығымен бағалы. Сонымене қатар, көздерді жұмып теп-теңдікті сақтау арқылы, мидың жұмысын жақсартамыз.

Біздің табандарымызда көптеген биологиялық нүктелер орналасқан. Онда денеміздегі 6 ең маңызды мүшенің энергетикалық каналдары да бар. "Тауық" жаттығуы сол нүктелердің жұмысын жақсартып, ағзамыздғы көптеген ауруларды емдейді. Мәселен:

- қалқанша безінің жұмысын жақсартады;

- остеохондроздың алдын алады;

- тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі;

- варикоздың алдын алады;

- бас айналуының емдейді;

- көңіл-күйдің көтерілуіне септігін тигізеді және жүйкенің тозуын тежейді;

- қан қысымы төмен және қан қысымы жоғары адамдарға бірдей пайдалы;

- инсульттың алдын алады;

- иммунитетті күшейтеді;

- есте сақтау қабілетін жақсартып, зейінді арттырады;

- құлақтың шуылын тоқтатады;

- есту мен көруді жақсартады.

Егер денеңізді тіктеп, бұлшықеттеріңіз бен омыртқаны қатайтуды қаласаңыз жаттығуды көздеріңізді ашып жасауыңызға болады. Ал, миыңыздың жұмысын жақсартып, қартайғанша саф ақылмен қалғыңыз келсе, көзіңізді жұмып жасағаныңыз дұрыс.

Шетелдік басылымнан дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


"Босанса да мүсіні бұзылмаған" - Желідегі жұлдызы жанған аналар


АРТРОЗ бен АРТРИТ ауруын бір ғана «СИҚЫРЛЫ» жаттығумен емдеуге болады