Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Фото: pixabay.com
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А-ға қатысты іс қаралды. Оған әкімшілік кодекстің"Кәмелетке толмаған адамның қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетті жасауына алып келген ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы” бабы бойынша хаттама толырылды.
"А-ның 11 жастағы қызы Ө-ге қатысты кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамай, қызының 13 жастағы қызды ұрып-соғып, бейнежазбаға түсіріп, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген”, – делінген хабарламада.
Сот отырысында А кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
"Сот жаза тағайындау барысында әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайы кінәсін мойындауын, шын ниетпен өкінуін, жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескерді. А әкімшілік кодекстің 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 73 840 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
"Кәмелетке толмаған адамның қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетті жасауына алып келген ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін" - 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдану көзделген.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.