1,5 жылға сотталған Нұрасыл Тұрлыхановтың қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді

0
196

Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бостандығы шектелген ұлы Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта емін-еркін жүрген видеосы тараған болатын.


1,5 жылға сотталған Нұрасыл Тұрлыхановтың қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді

Фото: видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың адвокаттары апелляциялық шағым түсірді. Бұл ақпаратты Алматы соты растады, деп жазады inform.kz.

«Апелляциялық шағым түсті. Іс материалдары іс жүргізу мерзіміне байланысты апелляциялық сотқа әлі жіберілген жоқ», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Осыған дейін Алматы қаласы Медеу ауданының No2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны – бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы өтінішхатын негіз деп танып, оны 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырған еді.

Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бостандығы шектелген ұлы Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта емін-еркін жүрген видеосы тараған болатын.

Еске сала кетейік, 2023 жылы ақпанда Нұрасыл Болат Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан еді.

Кейін спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов баласының бұзақылық әрекетіне байланысты пікір білдірді.

Одан бөлек, Дәулет Тұрлыханов ұлының ісіне араласпайтынын айтты.

Ал, өткен жылы 2 шілде күні ол мерзімді әскери борышын өтеп жатқан жері – Қонаев гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінен қашып кеткен болатын.

Кейін көп өтпей табылып, қызмет атқаратын орнына жеткізілді.

Алматы гарнизоны бөлім бастығының бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2023 жылы 9 қазанда Дәулет Тұрлыхановтың ұлына сот үкімі шықты.

Прокурор сотталушы Б-ға 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Биыл мамырда Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына кесілген үкімді өзгертті. Содан соң Дәулет Тұрлыханов ұлының сот үкіміне қатысты пікір білдірді.

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат пробациялық бақылауды елемегені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.