"16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден түсірдім". Түркия азаматы өрт туралы айтты

0
685

Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққан болатын.


ERNUR.KZ. Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт туралы айтып берді. Ол 16-қабатта қалған балаларды құтқарды, деп жазады tengrinews.kz.

"Кранның жетпейтінін білдім. Сол жерден баспалдақты алдық. Баспалдақ қауіпті болды. Дос балалар көмектесті, рақмет. 16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден арқанмен түсірдім. Кішкентай балалар болған соң қорықпадым", - деді ол.

Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Ақкент тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды.