18-өңір: Абай облысында көлік жүргізушілеріне жаңа нөмірлер беріле бастады

0
651

Жаңадан құрылған өңір тұрғындарына бұрынғы көлік нөмірлерін ауыстырудың қажеті жоқ.


18-өңір: Абай облысында көлік жүргізушілеріне жаңа нөмірлер беріле бастады

ERNUR.KZ. Абай облысында көлік жүргізушілеріне жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріле бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Азаматтарға арналған үкімет» Абай облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, 21 қыркүйекте көлік жүргізушілеріне мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріле бастады.

«Облыс тұрғындарына беріліп жатқан мемлекеттік тіркеу нөмірлерінде 18-аймақ белгісі бар. Таңертеңнен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келген көлік жүргізушілеріне жаңа нөмірлер берілуде. Дәл қазіргі сәтте мемлекеттік тіркеу нөмірін 8 адам алды», - дейді филиал мамандары.

Айта кету керек, жаңадан құрылған өңір тұрғындарына бұрынғы көлік нөмірлерін ауыстырудың қажеті жоқ.