29-31 шілде күндері Қазақстанда ыстықпен қатар жаңбыр жауады

0
490

29-31 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады.


29-31 шілде күндері Қазақстанда ыстықпен қатар жаңбыр жауады

ERNUR.KZ. Қазақстанда шілденің 29-ы мен 31-і аралығында жауын-шашынды ауа райы болжанды. Дегенмен кей өңірлерде қатты аптап ыстық сақталады, деп жазады zakon.kz.

Қазгидрометтің болжамына сай 29-31 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады.

"Алдағы тәуліктерде Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен қалыптасады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Екпінді жел соғады. 29 шілдеде еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін", - деп ескертті синоптиктер.

Десе де демалыс күндері кейбір өңірлерде аптап ыстық болады. 29-31 шілдеде Ақтөбе облысында, 31 шілдеде Жамбыл облысында қатты ыстық болады: күндіз +40...+43°C.