Алматы ықшамауданында бес адамды өлтірді деп айыпталған Игорь Дужновқа 2014 жылы іздеу жарияланған.
ERNUR.KZ. Сол кезде қару сақтағаны үшін есептен шығарылған. Бірақ қару Дужновта қалды, деп жазады Zakon.kz.
Алматыда Ақбұлақ ықшамаудандағы бес адамның өліміне кінәлі Дужновқа қатысты басты сот процесі жалғасуда.
Сот отырысында куәгер ретінде шақырылған қару айналымын лицензиялау және бақылау департаментінің инспекторы Рахым Төлеқұлов Дужнов қаруды сақтауға 2000 жылдары рұқсат алғанын айтты. 2014 жылға дейін ол тіркеуде тұрды, кейін оған қатысты іздеу ісінің қозғалуына байланысты, тіркеуден одан шығарылды.
Ешқандай шара қолданбаған, себебі ол тіркеуден шығарылған, қарудың иесі ретінде базада болмаған. Аудандық бөлімшелер базада болмағандықтан қаруды іздей алмады.Рахым Төлеқұлов
Куәгер прокурордың сұрағына жауап бере отырып, 2014 жылдан бастап Дужновтың қаруы қылмыскер мәртебесіне өтуі тиіс болғанын, бірақ белгісіз себептермен өтпегенін атап өтті.
Еске салайық, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында 54 жастағы Игорь Дужнов басқаларға оқ жаудырған. Нәтижесінде бес адам қайтыс болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полицей және екі бейбіт тұрғын бар. Белгілі болғандай, бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны болса, екіншісі оның танысы.
«Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл» бабы бойынша тергеу басталды.
Ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.