Ақбұлақта адамдарды атқан Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

0
718

Жарыссөзде прокурор айыпталушы Игорь Дужновқа ең жоғары жазаны сұрады.


Ақбұлақта адамдарды атқан Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Алматыда 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Ақбұлақ шағын ауданында бес адамның өліміне қатысты іс бойынша басты сот процесі жалғасуда. Тараптар әлі айтысып жатыр, деп жазады Zakon.kz.

Жарыссөзде прокурор айыпталушы Игорь Дужновқа ең жоғары жазаны сұрады.

Дужновтың өз ісіне еш өкінбейтінін ескере отырып, оның мүлкін тәркілемей ең жоғары жаза тағайындау қажет деп есептеймін.Прокурор

Еске салайық, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында 54 жастағы Игорь Дужнов басқаларға оқ жаудырған. Салдарынан бес адам қайтыс болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полицей және екі бейбіт тұрғын бар. Белгілі болғандай, бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны болса, екіншісі оның танысы.

«Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл» жасау бабтары бойынша тергеу жүргізілді.