Қала билігі жоспарлы оқу-жаттығу мен салынып жатқан мектеп туралы айтып, халықты сабырға шақырды.
ERNUR.KZ. Ақтау тұрғындары "Ақтау" сауда ойын-сауық кешені жанындағы арнайы техниканы видеоға түсіріп алған, деп жазады sputnik.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бұл жерде өртке қарсы жоспары оқу-жаттығу өткен.
Іс-шара аясында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері кешенге баратын жолды жапқан.
Сондай-ақ Ақтауда сыртқы түрі танкке ұқсайтын көлік видеоға түсіп қалған. Бұл кадр сәрсенбі, 23 ақпанда, 17-шағын аудандағы Family House тұрғын үй кешенінің жанында түсірілген.
Қалалық әкімдік бұл БГМ-21 бұрғылауға арналған геологиялық-барлау машинасы екенін айтты.
"Жобалаушы "Инженерный центр Астана" ЖШС мен мердігер "Каспиан ГеоСервис" қазір геологиялық жұмыстар жүргізіп жатыр", - деді ведомстводағылар.
Бұл аумақта 1,2 мың оқушыға арналған мектеп салынатынын хабарлады.