19 жастағы жігіттер бір-бірімен келіспей қалған.
ERNUR.KZ. Ақтау қаласындағы сауда, ойын-сауық орталығында жастардың жанжалы бір-біріне қайшымен жарақат салумен аяқталды, деп жазады stan.kz.
Жанжалдасқандар жұмыстас азаматтар болып шықты, полицияға шағым түсірмеген. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
"2022 жылғы 23 желтоқсанда сағат 17:35 шамасында 102 кезекші пультіне 16 шағынауданда орналасқан "Ақтау" сауда, ойын-сауық орталығында жас жігіттердің жанжалдасқаны туралы шақыру келіп түсті. Онда 19 жастағы жігіттер бір-бірімен келіспей қалған. Жігіттердің бірі екіншісінің бетіне жарақат салған", – делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Жәбірленуші Маңғыстау облыстық ауруханасына қаралды. Дәрігерлер оны үйіне қайтарған.