Ақтөбеде жол апатына түскен жүргізушіге көмектеспек болған ер адамды көлік қағып кетті

0
531

46 жастағы ер адам қаза тапты.


Ақтөбеде жол апатына түскен жүргізушіге көмектеспек болған ер адамды көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жол апатынан кейін жүргізушіге көмектеспек болған ер адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, 18 тамыз күні Сhevrolet Lanos автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе - Родниковка автожолымен жүріп келе жатып, Ақшат ауылы маңында жолдан өтіп бара жатқан жылқыға соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушіге көмек көрсету үшін екінші көліктің 46 жастағы жолаушысы жүгіріп келген. Осы кезде басқа Nissan Note Hybrid автокөлігінің жүргізушісі жолда жатқан жылқыға соғылып, қозғалыс бағытын өзгертіп, көмекке келген ер адамды қағып кеткен.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.