Алаяқ әйелді егер кодты айтатын болса, кибершабуылдардан қорғайтын арнайы қорғанысты коятынына сендірген.
Алаяқтар алматылық әйелдің есепшотынан 5 мың доллар шешіп алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ. polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Екі ер адам ірі алаяқтық жасаған. Екеуі де камера объективіне түсіп қалды.
Олар Алматы қаласының тұрғынын алдап, ақшасын иемденіп алған. Әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалған ер адам өзін банк қызметкері деп таныстырып, одан депозит шотынан жеке шотына ақша аударуға өтініш білдірдіңіз бе деп сұрай бастаған.
"Сонымен қатар, алаяқ әйелді егер кодты айтатын болса, кибершабуылдардан қорғайтын арнайы қорғанысты коятынына сендірді. Өзін алдап тұрғанынан күдіктенбеген әйел олардың талаптарын орындаған, ал бірнеше күннен кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді. Банкте 5 мың доллардан аса қаражаттың шоттан шешілгенін айтты", - деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.