Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады

0
612

Республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады.


Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігінде  өте қатты ыстық сақталады

Қазгидромет мамандары 26-28 шілде аралығындағы күн райына болжам жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады.

26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жауады.

Күндізгі уақытта республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасы +25 +35°С-тан +30 +40°с-қа дейін көтеріледі.

Ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндіз +30 +35°С-тан +20 +30°с-қа дейін біртіндеп төмендейді деген болжам бар.

Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38°С-тан +27 +35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығыс облыстарында ауа температурасы +22 +32°С-тан +27 +38°С-қа дейін көтеріледі.

Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық сақталады: +40 +45°С.