Алматы облысында ауруханада шыққан өрттен бір адам қайтыс болды

0
410

​Ер адамның денесінің 70 процентін күйік шалды.


Алматы облысында ауруханада шыққан өрттен бір адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Жамбыл аудандық ауруханасындағы өрт салдарынан бір науқас денесін күйіп шалып, қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Оқиғаның мән-жайын облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтып берді.
Қайғылы оқиға 7 маусым күні таңғы сағат 11.00-де Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы орталық аудандық ауруханасында болды.
"Қабылдау бөлімінің блогында (сүзгі), жалпы ауданы 2 шаршы метр төсек-орын жабдықтары жанды. Өртті медицина мекемесінің қызметкерлері оқшаулады. Өрт туралы хабарлама "101" және "112" жедел қызметтерінің телефондарына түскен жоқ", – дейді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт 1973 жылғы науқас жатқан палатаны шарпығаны анықталды. Сырттан көмек келгенше ер адам денесінің 70 пайызын күйік шалып, оқиға орнында қайтыс болды
Қазіргі уақытта адам өлімінің мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталуда. Осы мақсатта оқиға орнына Алматы облысы ТЖД зерттеу-сынау, өрт сөндіру зертханасы жіберілді.