Алматы облысында жолаушы әйелді өлтірген таксист 16 жылға сотталды

0
942

Такси жүргізушісі марқұмның танысы болған.


Алматы облысында жолаушы әйелді  өлтірген таксист 16 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Алматы-Өскемен тас жолында жолаушы әйелді өлтірген таксист 16 жылға сотталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облыстық ауданаралық қылмыстық соты А. Қасымованы өлтірген қаскөйді қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша яғни, ҚР ҚК 99 (адам өлтіру) және ҚР ҚК 188 (тонау) баптары бойынша кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айырды. Енді қылмыскер жазасын қауіпсіздігі деңгейі жоғары мекемеде өтейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 14 шілдесінде А. Қасымова Алматыдан Алматы облысындағы Ақсу ауданына бармақ болып, таксиге отырған. Бірақ, жәбірленуші артынша із-түзсіз жоғалып, жақындары оның жоғалғандығы жөнінде Ақсу аудандық полициясына арызданған болатын. Анықталғандай, такси жүргізушісі А. Қасымованың танысы болып шықты. Ол А. Қасымованың қаражаты бар екенін сезіп, оның діттеген жеріне апаруға ұсыныс тастап, жолда оны тонап, өлтіріп кеткен.

16 жылға сотталған қылмыскер Алматы қаласының тұрғыны.