Ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің мүшелерінен әскери арсенал тәркіленді.
ERNUR.KZ. Іс-шараны полиция қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-нің көмегімен жүргізді, деп жазады Polisia.kz.
“Бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін осы ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды және қамауға алынды. Кешенді жедел және арнайы іс-шараларды жүргізу барысында олардың Алматы облысы аумағында бірнеше қару жасыру орындарын ұйымдастыру деректері анықталды. Нәтижесінде екі “Калашников” автоматы (АКС), “Макаров” және “ТТ” жүйелерінің екі жауынгерлік тапаншасы, үш аңшылық карабин, екі тегіс ұңғылы винчестер, 13 кесілген аңшы мылтығы, 53 аңшы мылтығы, үш травматикалық тапанша, сондай-ақ, әртүрлі атыс қаруына арналған 200-ден астам оқ-дәрі табылды. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен екі жауынгерлік және төрт жарық шулы граната, төрт пышақ, екі портативті радиостанция, сондай-ақ, әртүрлі арнайы құралдар – оптикалық көздеуіштер, оқ өткізбейтін жиде, таяқша және т.б. тәркіленді. Соңғы қару-жарақ жасырылған орынды кеше ғана анықтадық”, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігінің нормаларына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәркіленген арсенал сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілердің шығу тегі мен иесі анықталатын болады.