Алматыда 5 жасар баланы ұрламақ болған

0
575

1961 жылы туған адам ұсталды.


Алматыда 5 жасар баланы ұрламақ болған

ERNUR.KZ. Алматыда ер адам 5 жасар баланы алып кетпек болған. Күдікті ұсталды, деп жазды ҚазАқпарат.

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Видео авторы 10 шілдеде көшеде 5 жастағы баланы бөтен адам алып кетпекші болғанын айтты.

«Балалар алаңында айналып жүрген бөтен еркекті көршім байқаған. Кейін ол балалардың бірін дүкенге баруға шақырған. Көршім олардың артынан ілескен. Ер адам оны көріп, ұл балаға шөптердің арасына тығыла тұр деген. Ол бейнекамераға түсіп қалған. Баланың ата анасы полицияға арызданды», - делінген жазбада.

Қалалық ПД баспасөз қызметі бұл дерек бойынша түсінік берді.

«Арыз 10 шілдеде жазылды. 1961 жылы туған адам ұсталды. Жергілікті тұрғын балаға су әпермек болған. Оның қандай ойы болғаны тергеу барысында анықталады», - деді полициядан.