Алматыда феминистердің бейбіт шеруі өтті (фото)

0
1 213

Олар әйелдерге қатысты бірнеше мәселені көтерген.


Алматыда феминистердің бейбіт шеруі өтті (фото)

Фото: NUR.KZ

ERNUR.KZ. Оңтүстік астанада әйелдер құқығын қорғау үшін рұқсат етілген митинг өтті. Жиналғандар нәзік жандыларға қатысты кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелері туралы айтты, деп жазадыkaz.nur.kz.

Фото: NUR.KZ

Феминистер "Сары-Арқа" кинотеатрының саябағына жиналған.

Жиналғандар тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдер колониясындағы күш көрсету мен азаптау, жезөкшелік мәселелері мен әйелдердің теңсіздігі туралы айтты.

Фото: NUR.KZ
Митингке жүздеген адам қатысты. Қатысушыларға әртүрлі ұрандар жазылған плакаттар таратылды.
"Барлық адамдар бауырлар!", "Шындық үшін емес, зорлау үшін қамау", "Ол жеке тұлға", "Зорлауда әрқашан зорлаушы кінәлі", "Аборт-әйелдің базалық құқығы", - делінген плакаттарда.
Фото: NUR.KZ


Митингке қатысушылар кезектесіп сөз сөйлеп, мәселелер мен оқиғаларды талқылады.

Акция бейбіт әрі ешқандай заң бұзушылықсыз өтті. Саябақ маңында полиция кезекшілік етті.

Фото: NUR.KZ


Шерудің басында ұйымдастырушылар қатысушыларға митингті өткізу ережесі мен оның бір сағатқа ғана созылатынын, артынша бәрі бейбіт тарауы керектігін ескертіп айтты.