Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған тағы 2 адам ұсталды

0
667

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандар 27-28 жас аралығындағы Алматы облысының екі тұрғыны болып шықты.


Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған тағы 2 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонаған тағы екі адам ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандар 27-28 жас аралығындағы Алматы облысының екі тұрғыны болып шықты.

Олардың бірі бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған.

«Бұл жолы күдіктілер қару-жарақ дүкенінің мүлкіне көз салған. 6 қаңтарға қараған түні олар «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонап, одан 5 тегіс ұңғылы мылтық, патрондар мен оқ өтпейтін жиделерді ұрлаған. Күдіктілер ұсталды және қамауға алынды», - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Полиция өкілінің сөзінше, заттай айғақтар тәркіленді. Ұсталғандардың басқа да, соның ішінде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде орын алған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 291-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеп жатыр.