Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ERNUR.KZ. Тергеу барысында анықталғандай, бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 30 жастағы Р. есімді азамат қымбат көліктердің айнасын ұрлаумен айналысқан. Бұл жолы қылмыскердің әрекетінен 54 жастағы әйел зардап шекті, деп жазады Azattyq Rýhy.
З. есімді азаматша белгісіз біреудің Төлебаев көшесінде тұрған қымбат автокөлігінің айналарын алып тастағаны туралы полицияға хабарласып, қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылған.
«Камераның көмегімен күдікті тез анықталды. Ол - бұрын осындай қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1990 жылы туған Р.есімді азамат. Іздестіру іс-шаралары барысында оның автокөлік айналарын ұрлау бойынша 10 эпизодқа қатысы бары дәлелденді», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, заттай дәлелдемелер (ұрланған айна) тәркіленді.