Алматыдағы Айнабұлақ ықшам ауданында болған қайғылы жағдайға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды.
ERNUR.KZ. Қалалық полиция оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп жазады exk.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы жағдай екі достың сөзге келісе алмай қалғанынан туындаған. Бұл жағдайға күдікті ретінде көлік жүргізушісі ұсталып отыр.
Бұған дейін қоғамда ішімдікке тойып алған жолаушы такси қызметін көрсетуге келген жүргізушіні өлтіріп кетті деген алып-қашпа әңгіме тараған еді. Полицияда ақпараттың дұрыс емес екенін, керісінше көлік тізгініндегі ер адам өз танысын қылқындырып өлтіргенін айтуда.
"Екі таныс көлік ішінде ішімдік ішіп отырған. Бір сәтте ұрсысып қалып, көлік тізгініндегі ер адам жолаушы орнында отырған екінші азаматты қылқындыра бастайды. Салдарынан жағдай адам өлімімен аяқталып отыр. Күдікті ретінде көлік жүргізушісі ұсталды", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта 33 жастағы күдікті қамауда. Ол оқиғаның қалай болғанын толық түсіндірген. Қылмыстық іс қандай баппен қозғалатыны тергеу нәтижесіне қарай белгілі болмақ.