Алматыда Кореямен бірлескен жаңа емхана ашылды

0
1 511

Оңтүстік Кореялық дәрігерлердің кеңес беру ақысы 10 мың теңге тұрады, жүрекке УЗИ жасау да осы бағада. Ортопед, лор, педиаторлардың алғашқы қарау бағасы 5 мың теңгеден басталады.


Алматыда Кореямен бірлескен жаңа емхана ашылды

ERNUR.KZ. Қазақстадық инвесторлары мен Medical Partners Korea Корея халықаралық компаниясының ынтымақтастығы арқасында Алматыда жаңа диагностикалық клиника ашылды, деп жазады Baq.kz.

Аталған клиника Сеуль Ұлттық университетінің Бундан госпиталымен және ауруханасымен серіктестік орнатқан. Обыр дертіне скринг жасауда осы университеттің биологиялық ғылыми компаниялары техникалық қолдау көрсетпек.

«Біздің емхананың ерекшелігі мұнда халықтың жақсы ем алуына бар жағдай жасалған. Қолжетімді бағада сапалы қызмет ала алады. Басты мақсатымыз диагностика мен ем алу үшін шетелге шығатын отандастарымыздың қатарын азайту. Алматы Орталық Азиядағы ерекше қала, әрі бұл жердің медициналық туризм орталығына айналу қауқары бар», - дейді клиниканың бас директоры Ғалымжан Тоғызбаев.

Оның айтуынша емханада терапиялық қызметтер ғана көрсетіледі, яғни хирургиялық аурулардың уақытында емделуі. Келген науқас аз уақыт ішінде бір жерден жан-жақты тексерістен өте алады.

Оңтүстік Кореялық дәрігерлердің кеңес беру ақысы 10 мың теңге тұрады, жүрекке УЗИ жасау да осы бағада. Ортопед, лор, педиаторлардың алғашқы қарау бағасы 5 мың теңгеден басталады.

Клиниканың салтанатты ашылуына Корея республикасының Қазақстадағы өкілетті елшісі Ким Де Сик қатысып, өзінің ізгі тілегін біллірді.

«Бүгінгі поликлиниканың ашылуына өте қуаныштымын. Бұл Корея мен Қазақстан арасында тағы бір байланыстың орнауы. Білуімше Қазақстан азаматтарының корей медицинасына деген қызығушылығы жоғары. Сондықтан екі жақты серіктестік орнағаны құптарлық іс болы. Емхананы аралап шықтым, соңғы үлгідегі жабдықтармен жарақталғаны көрініп тұр. Емхана сапалы қызмет көрсетіп, халықтың көңілінен шыға біледі деп ойлаймын»,-деді Ким Де Сик.